Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«20 жаста еді… Отбасындағы жалғыз бала»: Пышақ жарақатынан қаза болған Дильназдың анасы жанайқайын айтты (ВИДЕО)

20:06, 21 тамыз 2026

Әлеуметтік желіде пышақ жарақатынан қаза тапқан 20 жастағы Дильназ Жұмағұлованың анасы бейнеүндеу жариялап, қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Марқұмның анасының сөзінше, қызын ағымдағы жылдың 13 шілдесінде ерекше қатігездікпен өтірген.

Бойжеткен денесіне салынған көптеген пышақ соққыларынан және алған ауыр жарақаттарынан кейін ауырсыну шоғын (болевой шок) алып, оқиға орнында көз жұмған. Қаза тапқан Дильназ отбасындағы жалғыз бала болған.

Марқұмның анасы: «Күн сайын жанымды жегідей жеген бұл қайғыны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ол небәрі 20 жаста еді, алда тұтас өмірі бар еді. Ол менің жалғыз перзентім, үмітім мен сүйенішім болатын», — деп мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар