АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Иранға әскери соққы беруіне басқа амал болмағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол WABC радиостанциясына берген сұхбатында айтты, деп жазды Alash.kz.
Трамптың айтуынша, АҚШ Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермейді. Ол қажет болса, Тегеранға қарсы әскери әрекетті «тағы 100 рет» қайталауға дайын екенін жеткізді.
«Менің бұған баруымның себебі – біздің таңдауымыз болмады. Мен мұны тағы 100 рет жасар едім. Оларда ядролық қару болуы мүмкін емес және болмайды», – деді АҚШ президенті.
Трамп бұған дейін Иранға қарсы «бұрын-соңды болмаған» экономикалық қысым мен оқшаулау науқанын жариялаған еді.