Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"50 және 27 литр болатын екі газ баллоны шыққан". Алматы облысында мейрамхана өртенді

09:53, 22 тамыз 2026

Алматы облысы Талғар ауданының Бесағаш ауылындағы мейрамханада ірі өрт шықты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Өрт Төлендиев көшесінде орналасқан мейрамханада болған. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде ғимараттың барлық аумағын ашық жалын шарпыған. ТЖМ күштері мен құралдары өртті сөндіруге жоғары дәрежеде жұмылдырылды.

Құтқарушылардың мәліметінше, өрт кезінде мейрамханада келушілер болмаған. Өртті сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері ғимараттан көлемі 50 және 27 литр болатын екі газ баллонын, сондай-ақ 50 литрлік оттегі баллонын алып шыққан.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрттің көрші ғимараттарға таралуына жол берілмеген.

Қазіргі уақытта өрт оқшауланған, оны толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар