Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша 24 тамызға жоспарланған сот отырысы техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұған дейін сот отырысы 24 тамыз күні сағат 10:00-де өтеді деп жоспарланған болатын. Астана сотының баспасөз қызметі келесі отырыстың нақты күні, уақыты мен орны туралы қосымша ақпарат берілетінін хабарлады.
Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот процесі 18 тамызда басталған. Іс бойынша айыпталушы – қайғылы оқиға болған тұрғын үйдің Мүлік иелері бірлестігінің төрағасы. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 254-бабы – «Міндеттеріне адал қарамау» бойынша қаралып жатыр.
Еске салайық, 2025 жылғы 8 қарашада Астанада тұрғын үйдің қасбетінің бір бөлігі құлап, оқиға орнына жедел жәрдем құрамында барған 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан ауыр жарақат алған. Ол 18 қарашада ауруханада көз жұмған.
Соттың жаңа отырыс күні кейінірек жарияланады.