Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жаңа оқу жылының жақсы жаңалығы. Астанада 35 мың бала бірінші сыныпқа барады

12:21, 22 тамыз 2026

Астанада жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа шамамен 35 мың бала қабылданады, деп жазды  Alash.kz ұлттық порталы.

Жаңа оқу жылында Астанада бірінші сыныпқа шамамен 35 мың баланы қабылдау жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 мыңға жуық балаға көп, деп хабарлайды елорда әкімдігі.

Қазіргі уақытта қаланың мектептеріне бірінші сыныпқа 30 мыңнан астам бала қабылданып қойған.

Ата-аналар құжаттарын 31 тамызға дейін eGov порталы арқылы немесе баланы оқытқысы келетін мектепке тікелей тапсыра алады.

Бірінші сыныпқа қабылдау үшін келесі құжаттар қажет:

  • ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші;
  • №065/у медициналық анықтамасы;
  • №052-2/у медициналық құжаты;
  • баланың 3×4 см көлеміндегі фотосуреті.

Ата-аналарға құжаттарды оқу жылы басталғанға дейін тапсырып, баланың мектепке қабылдану рәсімін алдын ала аяқтау ұсынылады.

 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар