Милан Олимпиадасының чемпионы Михаил Шайдоров әлемдегі ең үздік мәнерлеп сырғанаушылар рейтингінде рекордтық үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Alash.kz.
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) спортшылардың жаңартылған әлемдік тізімін жариялады. Аталған рейтингте отандасымыз Михаил Шайдоров жоғары көрсеткіш саналатын 3-орынға табан тіреді. Таблицада оның алдында тек америкалық Илья Малинин мен жапониялық Юма Кагияма орналасқан.
Сонымен қатар әйелдер арасындағы жекелей сырғанаудан Қазақстан намысын қорғайтын Софья Самоделкина 13-орынға жайғасты. Ал еліміздің үздік би жұбы Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев әлемдік рейтингте 44-қатардан көрінді.