Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

33 жылдық үзілістен кейін. Арқалық пен Астана арасындағы әуе қатынасы қайта жанданды

15:30, 22 тамыз 2026

33 жылдық үзілістен кейін Арқалық пен Астана арасындағы әуе қатынасы қайта жанданды. 22 тамызда Астана – Арқалық – Астана бағытындағы алғашқы жолаушылар рейсі орындалды, деп жазды Alash.kz ұлттық порталы.

Әуе қатынасын қалпына келтіру үшін Арқалық әуежайы толық жаңғыртылған. Мұнда жаңа жолаушылар терминалы, ұшу-қону жолағы, құтқару станциясы және диспетчерлік мұнара салынды. Әуежай қажетті қауіпсіздік сертификаттарын алды.

Рейстерді SCAT әуе компаниясы CRJ200 ұшақтарымен орындайды. Мемлекеттік субсидия есебінен билет бағасы Астана мен Қостанайға 10 мың теңге, Алматыға 25 мың теңге болып белгіленген.

Жаңа әуе қатынасы Арқалық қаласы мен көршілес Амангелді, Жангелді және Жарқайың аудандарының 80 мыңнан астам тұрғынына қолайлы жағдай жасайды. Әсіресе медициналық және білім беру қызметтеріне қолжетімділік артып, өңірге инвестиция тартуға мүмкіндік кеңейеді.

Жоба аясында 136 жаңа жұмыс орны құрылады.

Алғашқы жолаушыларды Арқалықта жергілікті тұрғындар ән-күймен және шашумен қарсы алды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар