Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ел қоржынына 10-шы алтынды салды: Жұрқамырза Шүкірбеков Азия Пара ойындарының чемпионы атанды

14:00, 21 қазан 2026

Айти-Нагоя 2026 V Азия Пара ойындарында қазақстандық пара дзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Alash.kz.

ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің мәліметінше, J2 санатында 95 келіден жоғары салмақ дәрежесінің жартылай финалында қазақстандық спортшы Иран өкілі Амирхоссейн Нимрузи Навохиді 2 минут 50 секундта иппон әдісімен жеңді.

Финалда Шүкірбеков Иранның тағы бір өкілі Мохаммадреза Хейроллахзаде Варзимен кездесті. Төрт минутқа созылған белдесу қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы юко бағасымен жеңіске жетіп, V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар