Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әйелдің 40 жаны бар… 4 баланы аяққа тұрғызған анамын...»: Белгілі актриса ажырасқаннан кейін мәлімдеме жасады (ФОТО)

12:42, 21 қазан 2026

Төрт баланы жалғыз тәрбиелеп отырған танымал актриса Жанель Мақажан әлеуметтік желідегі парақшасында әйел табиғатының жұмбақ әрі күрделі болмысы туралы ой қозғады, деп хабарлайды Alash.kz.

Жақында ғана сүйіктісі Абай Асылханмен ажырасқанын ресми түрде растаған өнер иесі бұл жолы оқырмандарымен ішкі сырын бөлісті. Оның айтуынша, нәзік жандылардың бойында бір-біріне қарама-қайшы бірнеше қасиет қатар өріледі. Актриса әйел болмысының әртүрлі қырын баяндай келе, былай деп жазды:

«Әйелдің 40 жаны бар… Әр әйелдің бойында нәзіктік те, батылдық та, әлсіздік те, қайсарлық та бар. Кейде әйел нәзіктігімен баураса, кейде батылдығымен таңғалдырады. Бір сәтте әлсіздік танытса, келесі сәтте ешкім күтпеген күш көрсете алады. Өйткені әйел болмысы бір ғана мінезбен шектелмейді. Әр жағдай оның жаңа қырын ашады», – деді өнер иесі.

Сонымен қатар, Жанель Мақажан өзінің басынан өтіп жатқан сезімдеріне тоқталып, өмірдің түрлі белесінде қалай өзгеретінін жасырмады. Төрт баланың жауапкершілігін арқалап жүрген ана өз бойындағы әлсіздік пен батылдықты қатар қабылдайтынын жеткізді.

«Менің бойымда да осы қасиеттер бар. Кейде әкемнің ерке қызымын, кейде 4 баламды аяққа тұрғызам деп жүрген батыл анамын, кейде көз жасқа ерік беріп, әлсіздік танытамын. Меніңше, әйелдің сұлулығы өзінің әр қырын қабылдай білуінде. Әйелдің 40 жаны бар деген бәлкім осы шығар?)», – деп ағынан жарылды Жанель Мақажан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар