Қазақстанда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу ережелері өзгереді, деп хабарлайды Alash.kz.
Жаңа тәртіпке сәйкес, төлемдерді алу ұзақтығы азамат үшін әлеуметтік аударымдардың қанша уақыт бойы төленгеніне тікелей байланысты болады. Атап айтқанда:
-
6 айдан 12 айға дейін аударым жасалған болса — жәрдемақы бір ай бойы төленеді;
-
12 айдан 24 айға дейін — екі ай бойы;
-
24 ай және одан көп болса — үш ай бойы төленетін болады.
Осылайша, жәрдемақы төлеудің ең ұзақ мерзімі алты айдан үш айға дейін қысқарады. Ал 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін жәрдемақы тағайындалып үлгерген азаматтар оны белгіленген мерзім аяқталғанша бұрынғы шарттармен алуды жалғастырады.
Жұмыссыздық бойынша төлемнің ең жоғарғы мөлшері айына 267 750 теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш жеті төменгі жалақы мөлшерінің 45 пайызынан аспайды.