Асқар Омаров Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Асқар Омаров 1976 жылғы 30 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.
Асқар Қуанышұлы Омаров 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Тұран» университетін бітірген.
1997–1998 жылдары — «Мәдениет проблемаларының республикалық ғылыми орталығында» әлеуметтік-экономикалық мәселелер секторының жетекші маманы;
1998–1999 жылдары — «Малый бизнес Казахстана» журналының маркетологы;
2001–2005 жылдары — «Новости недели» РГ» ЖШС тілшісі;
2005–2006 жылдары — «Қазақстан» РТРК» АҚ филиалы — «Астана» РТЦ» ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясы Алматы бюросының шеф-редакторы;
Түрлі жылдары жекеменшік құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды;
2008–2010 жылдары — «Нұр-Медиа» ЖШС директоры, бас директорының орынбасары;
2011–2013 жылдары — «Түркі академиясы» КЕАҚ вице-президенті;
2014 жылы — «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры;
2016–2017 жылдары — қоғамдық қор президенті;
2017–2020 жылдары — «ҚазАқпарат» ХАА» ЖШС бас директоры;
2020 жылғы қаңтардан 2021 жылғы тамызға дейін — «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ басқарма төрағасы;
2021 жылғы тамыздан қарашаға дейін — ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі;
2022 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін — Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
2022 жылғы қыркүйектен бастап — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директоры болып қызмет атқарды.