Айти-Нагоя 2026 V Азия Пара ойындарында қазақстандық пара дзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Alash.kz.
ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің мәліметінше, J2 санатында 95 келіден жоғары салмақ дәрежесінің жартылай финалында қазақстандық спортшы Иран өкілі Амирхоссейн Нимрузи Навохиді 2 минут 50 секундта иппон әдісімен жеңді.
Финалда Шүкірбеков Иранның тағы бір өкілі Мохаммадреза Хейроллахзаде Варзимен кездесті. Төрт минутқа созылған белдесу қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы юко бағасымен жеңіске жетіп, V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.