Белгілі әнші Нұрболат Абдуллин әлеуметтік желідегі парақшасында сыңар сыңары, келіншегі Гүлфарида Жұбаеваны туған күнімен ерекше құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі сүйікті жарына арналған суретінің астына сезімге толы өлең жолдары мен ақ тілегін жазып, ішкі тебіренісін бөлісті. Келіншегіне деген адал махаббаты мен сыйластығын жеткізген әнші былай деп ағынан жарылды:
«Талғамыңа сай болып, тірегіңе айналдым. Сезіміңе айналып жүрегіңе байландым. Жаның жамандық көрмесін, тартысы мен тәттісі көп тағдырда бірге өмір сүруімізді тілеймін Алтыным! Туған күніңмен!», – деп жазды Нұрболат Абдуллин.
Эстрада жұлдызының бұл әсерлі жазбасы желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленіп, оқырмандар жұпқа бақыт пен ұзақ ғұмыр тіледі.