Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бақытты сәт! Көптен күткен арман… Жұғысты болсын»: Мадина Сәдуақасова қуанышты жаңалығын бөлісті

10:12, 21 қазан 2026

Әнші Мадина Сәдуақасова ұлы Әнуармен бірге АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында саяхаттап жүр, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі бұл сапардың ұлының көптен күткен арманы болғанын айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

Ол баласының қуанышын көру өзі үшін үлкен бақыт екенін айтып, ұлына ақ тілегін арнады.

«Америка, Нью-Йорк 2026.

Бұл саяхат ұлымның көптен күткен арманы.

Баламның бақытты сәттерін көру, мен үшін ең үлкен бақыт. Арманың асқақ болсын, Әнуарым! 

Әлі талай әлемді бірге аралайық бұйырса! 

Комментарий, лайк қалдырғандардан Америкадан сый бар жұғысты болсын деп», – деп жазды әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар