Қазақстан Азия Пара ойындарында пара садақ атудан алғаш рет медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Alash.kz.
ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің мәліметінше, 2026 жылғы 21 қазанда Айти-Нагоя 2026 V Азия Пара ойындарында қазақстандық спортшылар Темірлан Сейтқамал мен Нұршат Төлеуқасым пара садақ атудан күміс медаль жеңіп алды.
Ерлер арасындағы W1 санаты бойынша жұптық сында қазақстандық дуэт финалға шығып, Қытай құрамасымен кездесті. Шешуші кездесу қарсыластардың пайдасына 6:0 есебімен аяқталды. Үш сет нәтижесі - 37:31, 35:32 және 37:35.
Бұл жүлде Қазақстан тарихындағы Азия Пара ойындарында пара садақ атудан жеңіп алынған алғашқы медаль болды.