Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ішің қан жылап тұрса да, балалар үшін күлімсіреуді үйрендім» - 2,5 жылға сотталған Әділетхан Молдаханның жары (ВИДЕО)

10:01, 21 қазан 2026

Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жол апатынан кейін полиция қызметкерлері жайлы дәлелденбеген ақпарат таратқаны үшін істі болған блогер Әділетхан Молдаханның жары желіде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz.

Қылмыстық істің қозғалуына үстіміздегі жылдың наурыз айында әл-Фараби даңғылында орын алып, үш адамның өмірін қиған апаттан кейінгі жарияланымдар себеп болған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, блогер құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан. 

Әлеуметтік желілерде блогердің жұбайының жазбасы тарады. Ол күйеуінің жол апатынан қаза тапқан жандарға тек жанашырлық танытып, пікір білдіргені үшін ғана сотталғанын айтып, отбасындағы жалғыз асыраушының темір торға қамалғанына алаңдаушылық білдірген. 

7 айдан бері жолдасыммен бірге емес, балаларыммен талай сынақтан өтіп келемін… 

Бұл 7 ай маған көп нәрсені үйретті. Сабыр сақтауды, үнсіз жылауды, ішің қан жылап тұрса да, балаларың үшін күлімсіреуді үйрендім.

Кейде шаршаймын, кейде бәрінен қажимын… Бірақ үш баламның маған қарап тұрғанын ойласам, қайтадан өзімді қолға аламын.

Айта кетейік, Әділетхан Молдахан 2,5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сот үкімімен оған жаза мерзімінен бөлек, алдағы 5 жыл бойы әлеуметтік желілерде қандай да бір материалдар жариялаумен айналысуға ресми түрде тыйым салынды. Аппеляциялық сот негізінде үкім өзгеріссіз қалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар