Айти-Нагоя 2026 V Азия Пара ойындарында қазақстандық пара дзюдошы Зарина Райфова алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Alash.kz.
ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің мәліметінше, J2 санатында 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жарыс айналмалы жүйе бойынша өтті. Зарина Қытай, Үндістан және Өзбекстан өкілдерін жеңіп, барлық белдесуді иппон әдісімен аяқтады.
Жарыс қорытындысы бойынша Зарина Райфова бірінші орын иеленіп, V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.
Сондай-ақ Айти-Нагоя 2026 V Азия Пара ойындарында қазақстандық пара дзюдошы Ақтолқын Сейілбекова алтын медаль жеңіп алды.
J1 санатында 70 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі жарыс айналмалы жүйе бойынша өтті. Турнир барысында Ақтолқын Қазақстан, Өзбекстан, Корея Республикасы және Индонезия өкілдерінен басым түсті.
Барлық белдесудің қорытындысы бойынша Ақтолқын Сейілбекова бірінші орын иеленіп, V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.