Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Бүгін сотта дәрігер-неонатолог Ерсұлтан Сәрсенбаев жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz.
Оған 2023 жылдың 9 қарашасында түстен кейін Салтанат әл үстінде жатқанда Байжанов қоңырау шалған.
– 9 қарашада түстен кейін ұйықтап жатқанымда маған Бақытжан қоңырау шалып, «адам мас кезінде ұзақ ұйықтауы мүмкін бе?» деп сұрады. «Жеңеше масайып, ұйықтап қалды» деді. Қаншалықты ішкенін сұрап едім, «таңертеңге дейін» деді. «Мен нарколог емеспін, бірақ масайған кезде ол да қауіпті, жедел жәрдем шақырыңдар» деп айттым. Оянғасын Бақытжанға қоңырау шалып, не болды деп сұрадым. Бақытжан әлі ұйықтап жатқанын айтты. «Бақытжан, оның жағдайы жақсы ма өзі? Төбелес болды ма?» деп сұрадым. Бақытжан «бір көзі қызарған, таңға дейін ішкен» деді.