Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Екпе алғаннан кейін балам жазылмайтын ауруға тап болды - ЖАНАРГҮЛ ЖАНЫАМАНОВА

17:45, 09 қаңтар 2025 1038

Танымал жұлдызды жұп актер Рүстем Жаныаманов пен актриса Жанаргүл Жаныаманова Жанар Байсемізге берген сұхбатында ұлының сырқаты туралы айтып, бастан өткенін бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

Жұлдызды жұп ұлының емханада екпе алған соң тромбоцитопения деген жазылмайтын дертке шалдыққанын айтты. Сөздерінше, дәрігерлер бала ұзақ өмір сүрмейді деп айтқан.

“Театрға жаңадан кірген кезім еді. Мансап қудық, жұмысбасты болып кеттік. Қойылымдар көп болды. Ауруханадан мейіргер күнде хабарласып, балаға екпе жасатыңдар дейді. Сол кезде бала ауырып тұрған соң екпені кейінге қалдырып жүрдік. Бірде балам апасымен қалғанда домофоннан қоңырау түскен. Апасы “шақырып жатыр, не істеймін” деп маған хабарласты. Мен жұмыста жүріп, “салдыра салыңыз” дей салдым. Кешке келсем балам екпесі ісіп кеткен, аяғын баса алмай отыр екен. Дәрігерер баланы тексермеген екен. Бізге тромбоцитопения жазылмайтын ауру, бала ұзақ өмір сүрмейді деп айтты. Бірақ әлемде осындай дерті бар адамдардың 3%-ы ғана өмір сүріп кетеді екен. Олар үнемі гормон салып жүруге мәжбүр. Біздің баламыз да гормон алды. 3 жастағы баламыз толып кетті. Шөп дәрі ішті, емшілерге бардық. Кейін медицина да көмектесе алмайтынын көрдім. Сонда ішкі дауыс “Құдай ғана көмектесе алады” деді”, – деп ағынан жарылды актриса Жанаргүл Жаныаманова.

Оның айтуынша, бұл дерт оларға ұстаз болды. Бұл жағдай болмаса, өздері көп нәрседен бейхабар болып қалатын едік дейді.

“Көп кітап оқыдық, бір-бірімізді біле бастадық, ішкі жандүниемізді түсіндік. Рүстем қолымда баладағы ауруды тартып алатын магнит болса деп армандаса, мен жолдан барлық ауруды жазатын бір дәрі тауып алсам деп ойлайтынмын. Содан біраз дәрумендер іштік, емшілерге, қасиетті жерлерге бардық, өзімізді зерттедік, Құдаймен сырластық. Оның қайсысы көмектескенін білмеймін. Қазір баламыз аман-есен, ауруынан жазылды”, – дейді актриса.

Жанаргүл Жаныаманованың айтуынша, баласының сырқатын ауыр қабылдағаны сонша тіпті никаб киіп кетемін бе деп ойлаған.

“Сол кезде эмоциялық жағынан тұрақсыз болдым. Түрлі ойлар келді. Тіпті мүлдем сахнаға шықпауым керек шығар деген ой болды. Маған тиген көз балаға өтіп кетті ме деп ойлап, өзімді кінәладым. Хиджаб, никаб киіп кете жаздаған кездерім болды. Сонда Рүстем “барлығын істе, оқы, біл, бірақ олай істеме” деді. Сол сөзі үшін рахмет айтамын. Не істесем де Рүстем мені жан-жақты қолдады. Баламыз жазылғанда бәріне WhatsApp арқылы анализдерін жіберемін. Оны көріп анам: “Көз тиеді, тыныш отыр” деп тыйғаны бар”, – дейді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар