Бүгін, 27 қаңтарда мыңдаған палестиналық Газа секторының оңтүстігіне орала бастады, деп жазады Alash.KZ Азаттық радиосына сілтеп.
Газа секторының қауіпсіздік өкілдері AFP агенттігіне алғашқы екі сақатта солтүстіктен 200 мыңнан аса адам жаяу өткенін айтқан. Бірақ бұл адамдардың бәрі қираған қалаға қайтып жатыр.
Израиль Газа секторының оңтүстігін атқылай бастағанда мыңдаған адам солтүстікке босып кеткен еді.
ХАМАС (АҚШ, ЕО террорлық ұйым деп таныған) пен Израиль арасындағы соғыстан Газа секторынан 630 мың адам босқынға айналғаны хабарланған. ХАМАС басқаратын денсаулық министрлігі Газада 47 мың адам қаза тапты деген. Ал Израиль жағынан 1200 адам қаза болғаны айтылды.
15 айға созылған соғыстан соң ХАМАС пен Израиль келісімге келген.