Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Екі қолы байлаулы...": депутат Арман Дүйсеновтың ұлының өлімі туралы тың дерек айтты (Видео)

17:23, 21 ақпан 2025 597

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов композитор Арман Дүйсеновтің ұлының қайғылы өліміне қатысты жаңа мәліметтер ұсынды, деп жазады Alash.KZ.

Депутат әуелі Шерзаттың өліміне қатысты пікір білдіріп, оны саясиландыру мақсатында блогерлер әдейі шулатып жатқанын айтты.

Зайытовтың айтуынша, блогерлердің осындай әрекеттері үкіметке қысым жасау, қоғамды алаңдату мақсатында жасалып отыр. Олар дауыстары өтімді және сөздері еститін адамдардың пікірімен қоғамды бөлшектеуге тырысады. Депутат бұл жағдайға қатысты адамдардың арасында «сен неге үндемей отырсың?» деген сыни пікірлердің де көп екендігін айтты.

Депутат, сондай-ақ, Арман Дүйсеновтің ұлының өлімінде саяси себептер жоқ екенін және осы себептен ол іс көп талқыланбайтынын мәлімдеді. Өзінің тергеу материалдарын толық көрмегенін айтқан Зайытов, тек алғашқы тексеру актісін оқып шыққанын жеткізді.

Онда асылып өлген адамның екі қолының байлаулы екені жазылған. ulysmedia.kz жазуынша, депутат бұл деректі журналистердің неге зерттемейтініне таңданып, осы жағдайдан саяси мән іздеу әрекеттерінің тым асыра айтылғанын атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар