Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Екі мыңнан астам шағым түсті". Мәскеу тұрғындары интернет жұмысына шағымдана бастады

19:29, 02 мамыр 2026

Мәскеу тұрғындары үй интернетінің жұмысында ақауларға шағымдана бастады. Желі қолданушыларының айтуынша, интернетке қосылу мәселелері жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00 шамасында басталып, 15:30-да ең жоғары деңгейге жеткен, жеп хабарлайды Alash.kz.

Осы уақыт аралығында екі мыңнан астам шағым тіркелген. Тұрғындар интернеттің мүлде істемей қалғанын немесе байланыс сапасының күрт төмендегенін айтуда.

Шағымдар негізінен Ростелеком, «Моснет», «Инетком», «CityLink» және ACBT абоненттерінен түскен.

Сонымен қатар, үй интернетіне қатысты осындай қиындықтар Мәскеу облысы тұрғындары арасында да байқалған.

Әзірге байланыс операторлары ақаудың нақты себебі туралы ресми түсініктеме берген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар