Атырау қаласында дүкенге шығып, жоғалып кеткен 11 жасар бала үш күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Alash.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Нұрсая ықшам ауданында 2013 жылы туған Жасұлан Назарчук 20 желтоқсан күні сағат 10:35-те дүкенге барып келемін деп үйінен шығып кеткен. Бала содан бері із-түссіз жоғалып кеткен.
Жоғалған баланың үстіне қою жасыл түсті күрте, спорттық үлгідегі қара шалбар, аяғына қара аяқ-қиім киген.
"Қазір жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Қандай да бір ақпарат білсеңіз 102 нөміріне немесе анасының нөмірі 8778 950 28 45 (Наталья) дереу қоңырау шалуыңызды сұраймыз", - делінген полиция хабарламасында.