Маңғыстау облысында жоғалған 31 жастағы Жандарбек Сейілханов аман-есен табылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Оның аман-есен табылғаны туралы ақпаратты азаматтың туыстары хабарлаған. Жақындарының берген мәліметіне сәйкес, жоғалған ер адам Атырау облысының аумағынан табылған.
Дегенмен Маңғыстау облыстық полиция департаментінің өкілдері азаматтың табылғанын растағанымен, оның Мұнайлы ауданында болғанын алға тартып отыр.
Еске сала кетейік, Жандарбек Сейілханов 15 тамыз күні кешке Toyota Camry маркалы автокөлігімен үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған болатын.
Кейінірек туыстары оны Шетпе ауылында көргендердің бар екенін, сондай-ақ Жетібайдағы жанармай құю бекеттерінің бірінде бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын хабарлаған еді.