- Бойы: 170-175 см, дене бітімі орташа.
- Сырт келбеті: Шашы қара әрі қысқа, көзі қою қоңыр.
- Киген киімі: Ақ жолақты футболка, қоңыр түсті шалбар және қара спорттық аяқ киім.
«Достарыма барамын» - Маңғыстауда 31 жастағы азамат жоғалып кетті
11:23, 20 тамыз 2026
Ашық дерекөздерден
Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері мен жақындары Ақтөбе облысының тумасы, 31 жастағы Жандарбек Сейілхановты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Alash.KZ
lada.kz жазғандай, ер азамат үстіміздегі жылдың 15 тамызында кешкі уақытта үйінен автокөлікпен шығып кеткен. Содан бері ол үйіне оралмаған және ұялы телефоны өшірулі тұр.
Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, 1995 жылы туған Сейілханов Жандарбек Бекбергенұлы Бесшоқы ауылындағы үйінен сағат 17:00-18:00 шамасында Toyota Camry маркалы көлігімен шыққан. Туыстарының айтуынша, ол достарымен кездесіп, серуендеп қайтуды жоспарлаған.
Жоғалған азаматтың белгілері:
Тәртіп сақшылары мен Жандарбектің жақындары оның қайда екенін білетін немесе көрген-білген азаматтардан мына телефон нөмірлеріне шұғыл хабарласуды сұрайды: 102, +7 (7292) 46-50-02, +7 (702) 814-13-00, +7 (707) 590-67-00.
Соңғы жаңалықтар
Досхан Жолжақсынов 75 жасқа толды: Алматы әкімі Президенттің құттықтауын табыстады
14:00, 11 қазан 2026
Түркияда 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынады
14:53, 10 қазан 2026
Трамп Нобель комитетін сынға алып, "Маған Нобель сыйлығын бермеді" деп жазғырды
13:29, 10 қазан 2026