Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дональд Трамп Илон Маскқа қандай қызмет беретін болды?

09:44, 14 қараша 2024 274

АҚШ президенті боп сайланған Дональд Трамп сайлау науқанында қолдау көрсеткен Илон Маскқа департамент басшысы етіп сайлайтынын айтты, - деп хабарлайды Alash.KZ сайты Massaget.kz материалына сүйеніп.

Екі кәсіпкер - Илон Маск пен Вивек Рамасвами жаңадан құрылған үкімет тиімділігі департаментін басқаратын болады. Бұл департамент бұрын болмаған. Енді Илон Маск мемлекеттік шығындарды, мемлекеттік аппараттың көлемін қысқартуға жауапты. 

"Бұл екі ұлы америкалық тұлға мемлекеттік бюрократияны жоюға, артық ережелерді қысқартуға, ысырапшыл шығындарды азайтуға және федералды агенттіктерді қайта реттеуге көмектеседі", - деп мәлімдеме жасады Трамп.

Қайта сайланған президент қорғаныс министрі ретінде Fox News арнасының жүргізушісі Пит Хегсеттің кандидатурасын ұсынды.

Бұл шешімі де негізсіз емес екенін басып айтты. 

"Пит - "Әуелі Америка" қағидасына сенген күшті, ақылды адам. Одан Американың жаулары сескенеді. Біздің әскеріміз қайтадан күшті болады және Америка ешқашан шегінбейді", - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, бұған дейін Илон Маск Трамптың сайлау науқанына қанша қаржы жұмсағаны айтылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар