Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Депутат барлық жалақысын қайырымдылыққа жұмсайтынын айтты (ВИДЕО)

11:07, 30 сәуір 2024

Парламент мәжілісінің депутаты Айдарбек Ходжаназаров жалақысының барлығын қайырымдылық қорына аударатынын айтты.

Adal.adam.kz инстаграм парақшасы депутат Айдарбек Ходжаназаровтың жалақы туралы айтқан видеосын жариялады.

Бейнежазбада журналист “жалақыңыздың қанша пайызын азық-түлікке жұмсайсыз?”деп сауал қойды.

“ Мен жұмысымның бірінші күнінен бастап жалақымның барлық бөлігін “AsarUme” қайырымдылық қорына аударамын. Кәсіптен келгеннен кейін, өз девиденттерім мен кәсібіммен күн көріп жүрмін. Парламенттен алған жалақымның 100%-ы қайырымдылыққа кетеді”,- деді депутат.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар