Танымал мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза жақында болған жол-көлік оқиғасынан кейін өзінің жағдайы туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп жазды Alash.kz.
Оның айтуынша, апат болған кезде көлікті өзі басқармаған. Дегенмен оқыс жағдай директорға қатты әсер етіп, қорқыныш пен күйзеліс тудырған.
«Қатты қорқып, шок алып қалдым. Қазір жағдайым жақсы. Жеңіл сынақ деп қабылдадым. Құран бағыштап, дем салдырып, жан садақасын беріп қайттық. Қорқынышым басылғанша LRT-мен жүремін», – деп жазды ол.
Ақмоншақ Нұртаза қазіргі таңда денсаулығының жақсы екенін айтып, болған жағдайды өмірдегі сынақ ретінде қабылдағанын жеткізді.
Желі қолданушылары директорға қолдау білдіріп, тезірек қалыпты өмір ырғағына оралуына тілектестік танытуда.