Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Дариға да адам, оның тағдыры - трагедия". Экс-сенатор Дариға Назарбаева туралы тосын ой бөлісті

09:25, 09 қараша 2024 1946

Бұрынғы шенеунік ақпарат кеңістігінде Дариға Назарбаеваға қатысты айтылатын сындарға қарсы пікір білдіріп, сенаторлардың көпшілігі оны "жақсы көретінін" мәлімдеді, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

Бұрынғы сенатор Мұрат Бақтиярұлы Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында Назарбаевтың тұңғыш қызы Дариға Назарбаеваның мақтауын асырып, көзқарасын айтты:

"Ол да адам, трагедиялық отбасы. Баласының өлуі, оның ауруға ұшырауы, қайтыс болуы - трагедия. Менің де балаларым бар, оған түсіністікпен қараймын. Ал байлығына қатысты әңгімелерге келсек, ол менің құзыретіме жатпайды, арнайы органдар шешер. Ал бірақ адам ретінде, спикер ретінде сол кездегі сенаторлардың көпшілігінен сұраңыз. Дариға Нұрсұлтанқызы туралы бір ауыз жаман сөз айта алмайды. Өйткені ол ашық спикер болды, түсіністікпен қарайтын спикер болды, кейбір нәрселерді түбіне дейін қарайды. Заң жобалары қаралғанда, фермерлердің сөзін бөлмей, сағаттап отырып тыңдайтын. Мен үшін Дариға Нұрсұлтанқызы қарапайым болды", - деді экс-сенатор.

Орайы келгенде айта кетейік, Дариға Назарбаева бірнеше жыл қатарынан Мәжіліс депутаты, Сенаттың бұрынғы төрайымы (2019–2020) болды. Соңғы рет оның марқұм Айсұлтан Назарбаевты еске алуға арналған футбол турнирінде болғаны хабарланды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар