Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Дәретханада ұзақ отырдың деп ашуланып, құлағын жұлып алған". Ер адам сүйіктісіне қыр көрсетіп, құлағының бір бөлігін қыршып, жұлып алды

20:34, 25 сәуір 2026

Бразилияда концерт кезінде ауыр оқиға болды. Пиракая муниципалитетінде өткен шара барысында 29 жастағы ер адам сүйіктісіне шабуыл жасап, оның құлағының бір бөлігін тістеп жұлып алған, деп жазды Alash.KZ.

Need To Know басылымының хабарлауынша, оқиға концерт залындағы фойеде, көптеген адамдардың көзінше болған. Ер адам әйелді шашынан тартып, құлағына зақым келтірген. Зардап шеккен әйел дереу ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер жарақатына тігіс салған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға әйелдің дәретханаға ұзақ кіруі себеп болған. Ол кезекте тұрғанын түсіндіргенімен, ер адам ашуға мініп, оған күш қолданған. Полиция күдіктінің мас күйде болғанын да анықтады.

Құқық қорғау органдары ер адамды оқиға орнында ұстап, оған тұрмыстық зорлық-зомбылық және денсаулыққа қасақана зиян келтіру баптары бойынша айып тақты. Тергеу жалғасып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар