Прокурор Айжан Аймағанова Бишімбаевтың ісінен кейін далаға да шыға алмай қалғанын айтты. Бұл туралы ол "Әйел әлемі" бағдарламасына берген сұхбатында баяндады, деп хабарлайды Alash.kz.
"Мектептегі ата-аналар мені көріп, "Айжан ханым, сіз қарапайым адам екенсіз" дейді. Мен оларға "иә, мен де қарапайым ата-анамын" деп күліп жауап беремін. Қазір мен дүкенге де бармаймын. Нанға, сүтке бару керек болса, қыздарыма айтамын. Өйткені көрген адамдар суретке түсейік деп өтініш білдіреді. Мен жұлдыз емеспін ғой. Мен жай ғана прокурормын. Сондықтан бұл маған ыңғайсыз жағдай", - дейді ол.