Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаевтың адвокаттары аппеляциялық шағым түсіретіндерін айтты

12:19, 14 мамыр 2024 772

Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді. 

Сот үкімімен 24 жылға бас бостандығынан айырылған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары сот үкімімен келіспейтінін жеткізді. 

Адвокаттар жақын күндері алқабилердің шешіміне қарсы апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді. 

Жоқ, мен үкіммен келіспеймін. Апелляцияға береміз, — деді экс-министрдің екінші қорғаушысы Назкен Құсайынова.

Сот шешімі шықпай тұрып қорғаушы Ләйлә Рамазанова да сот қатал шешім шығарса, апелляцияға беретінін мәлімдеген. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар