Қайтыс болған Салтанат Нүкенованың анасы Жұмагүл Нүкенова экс-күйеу баласы Бишімбаевтың сот отырысында айтқан сөздерімен келіспейтінін жеткізді. Бишімбаев марқұмның өзінен жиырма жасқа үлкен адамның көңілдесі болғанын айтты. Бұл туралы Alash.kz мәлімдейді.
«Сот залында айтқан сөздерінің барлығы жалған. Бүгінгі отырыс маған ауырлық сезімін емес, керісінше күлкімді келтірді. Бишімбаев оскар сыйлығына лайық. Білікті манипулятор. Қызымның көңілдес болғаны туралы айтқаны шындыққа еш сай келмейді. Ол Салтанатты тіпті өз туған ағасынан, інісінен, барлығынан қызғанатын болды,-деді марқұмның анасы.
Елді дүрліктірген бұл оқиғадан кейін Жұмагүл Нүкеноваға Бишімбаевқа қатысты түрлі өз оқиғаларымен бейтаныс адамдар хабарласатынын айтты.
«Бишімбаев жалғыз Салтанатты ғана емес, өз таныстарына да қатты қысым көрсеткен. Мысалы, «ҚТЖ АҚ»-да бір қызды төрт күн бойы қамап ұстаған», деді анасы.
1 сәуір күні болған сот отырысында күдікті Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованың Райымбек есімді танымал бизнесменнің көңілдесі болғанын баяндады. Бұл хабарды естігеннен кейін қатты ашуланғанын айтты.