Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаев судьяға телефонының кодын бергісі келмеді

17:21, 18 сәуір 2024 622

Экс-министр Қуандық Бишімбаев өз телефонының кодын судьяға бергісі келмеді, деп хабарлайды Alash.kz.

– Пароль сұрайды. Бишімбаев, телефоныңыздың құпия сөзі қандай? – деп сұрады сотталушыдан прокурор.

Осы кезде Бишімбаев телефонының кодын тек қорғаушысына беретінін айтты.

– Мен парольді тек қорғаушыма беремін. Мен телефонды қорғау жағынан дәлел ретінде ұсынғым келеді. Егер сіз оны адвокатқа берсеңіз, мен оған парольін беремін, - деді Бишімбаев.

Судья келісті. Адвокат Ерлан Ғазымжановқа Бишімбаевтың телефонынан парольы салынған конверт берілді.

– Сотталушы Бишімбаев, дәйекті болыңыз. Сіз шынымен де бүкіл сот процесінде телефонның кодын беретініңізді айттыңыз. Бәрі сіздің Салтанатпен алмасқан хаттарды көретінін, сіз бұл қылмыстық құқықбұзушылыққа кінәлі емес екеніңізді айттыңыз. Ал қазір сіз ұстанымыңыздыды өзгертіп, сотқа телефоныңызды тексеру үшін код бергіңіз келмейді, - деді судья Айжан Құлбаева Бишімуаевқа.

Бишімбаев кодты тек қорғаушысына беретінін тағы айтты. 

– Сотталушы Бишімбаев сотқа өз телефонының кодын беруден бас тартқандықтан, сот тергеуінің одан кейінгі рәсіміне көшеміз, - деп шешті судья.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар