Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Былтыр Конституциялық Сотқа бес мыңнан астам өтініш түскен

07:29, 23 ақпан 2024 397

Мемлекет басшысы Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады.


Азимованың айтуынша, былтыр Конституциялық Сотқа бес мыңнан астам өтініш, оның 99 пайызы азаматтардан келіп түскен:

– азаматтар өз өтініштерінде сот актілеріне, лауазымды тұлғалар мен судьялардың іс-әрекеттерінің заңдылығына, қылмыстық жазаның түрлері мен шарттарына, қылмыстық қудалау кезінде адам құқықтарының сақталуына, еңбек және әкімшілік-құқықтық қатынастарда құқықтың қорғалуына қатысты мәселелерді көтерген.

Конституциялық іс жүргізу аясында азаматтарға кепілді заң көмегін беру шарттары, сондай-ақ құқықтық мониторинг пен заң шығару қызметі шеңберінде Конституциялық Сот қабылдаған шешімдерді және сот практикасының шолуын ескеру туралы ұсыныстар қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр;

Былтыр 558 құқық нормасы тексеріліп, нәтижесінде 29 нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер енгізу жөнінде кеңес берілген:

– Қылмыстық-процессуалдық, Салық кодекстерінің және бірқатар заңның жекелеген нормаларын қайта қарау жөнінде ұсыныстарын берген;

– бүгінде Үкімет пен уәкілетті органдар аталған ұсынымдардың 16 пайыздан астамын орындаған.

Фото: Ақорда
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар