Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бұрынғы жігіті бойжеткенді жұмыс орнында бауыздаған: Қыз әділдік іздеуде

11:11, 09 мамыр 2024 691

Бұрынғы жігіті Адина есімді қыздың жұмыс орнына барып, кеңсе пышағымен бауыздаған, деп хабарлайды Немолчи.кз» тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдаумен айналысатын фонд. 

Енді күдікті қыздың өзін кінәлі етіп өтініш жазып жатыр. Егер өтініш қабылданса, қауіпті қылмыскер жазадан сытылып кетпек.

Адина жігіті өзіне қол көтеріп бастаған соң ара қатынасты тоқтатқан. Бұнымен қалмаған жігіт оны жұмыс орнына іздеп кеп, кеңсе пышағымен тамағын кескен. Жәбірленуші әріптестерінің арашалауының арқасында өлімнен аман қалған.

Реанимациядан енді ғана палатаға шыққан Адинаны полиция қызметкерлері тергеуге алып кеткен. Сөйтіп бастапқыда істі алаяқтық бабымен қараған. Кейін қоғамда шу шыққан соң ғана адам өлтіруге оқталу бабына ауыстырған.

Бірақ өкінішке қарай сот барысында айыпталушы тарап бұл оқиғаға Адинаның өзін кінәлі етіп көрсетуге тырысып бағуда. Қазір айыпталушының адвокаттары істі қайтадан алаяқтық бабына ауыстыруға өтініш берген.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар