Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бұлай жалғаса берсе экологияға кері әсер етеді". Шардара су қоймасындағы су деңгейі күрт төмендеп кетті

09:31, 23 қаңтар 2026

2026 жылдың қаңтар айында Шардара су қоймасындағы су көлемі өткен жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай азайған, деп хабарлайды  Alash.kz

Павлов аналитикалық орталығының спутниктік деректеріне сәйкес, қазіргі таңда қойма небәрі 79% ғана толған. Ал дәл осы кезеңде былтыр су деңгейі 98,6% болған. Әдетте қаңтар айында су қоймасы жылдық ең жоғарғы межеге жақын болады. Сондықтан биылғы көрсеткіш мамандарды алаңдатып отыр. Сарапшылардың ақпарынша, әзірге төтенше жағдай жоқ. Дегенмен айырмашылық айқын байқалады.

Мамандар су көлемінің төмендеуін күз бен қыс мезгілдерінде қоймаға құйылатын судың әдеттегіден аз болуымен байланыстырады. Бұған өзен арнасы арқылы келетін ағынның әлсіреуі, жоғары ағыс бойындағы су реттеу жұмыстары немесе қолайсыз ауа райы әсер етуі мүмкін.

Дерекке жүгінсек, жағдай осы қарқынмен жалғаса берсе, алдағы кезеңде су тапшылығы қаупі арта түсуі мүмкін. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығы мен өңірдің экологиялық жағдайына кері әсер ететіні анық.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар