АҚШ президенті Дональд Трамп Швейцарияның Давос қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форумда сөйлеген сөзінде осындай мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.KZ.
Сәрсенбі күні сөйлеген сөзінде Дональд Трамп Гренландия Батыс жартышардың бір бөлігі болғандықтан, АҚШ аумақтарының периметріне кіреді деп мәлімдеді.
«Бұл алып әрі қорғалмаған арал іс жүзінде Батыс жартышардың солтүстік шекарасында орналасқан Солтүстік Американың бір бөлігі. Бұл – біздің аумақ», – деді Трамп Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда сөйлеген кезде.