Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бұл адамды жауапқа тартуды талап етемін!» - Баян Алагөзова "әйелді қамшымен ұру керек" деген дінтанушыға шүйлікті

16:45, 21 тамыз 2025 249

Продюсер Баян Алагөзова «әйелді қамшымен ұрыңдар» деп жамағатқа уағыз айтқан ҚМДБ ұстазы Ризабек Батталұлының насихатына пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.KZ сайты bairaqmedia.kz сайтына сілтеп.

«Қазіргі заманның батыры» әйелді қалай және немен ұру керек екенін үйретуде. Мен әйелдердің құқықтары мен бостандықтарын тікелей бұзғаны үшін тиісті органдардан бұл адамды жауапқа тартуды талап етемін», - деп жазды продюсер.

Айта кетейік, Дінтанушы Ризабек Батталұлы әйелді ұруға дін рұқсат береді деп мәлімдеген болатын.

Оның айтуынша, бастысы — ауыр жарақат салмау қажет. Сондай-ақ ол қазіргі ер азаматтарды «әлсіз» деп сынап, қазақ үйінде қамшының осы мақсатта тұрғанын алға тартты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар