Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бүгін – 1 қыркүйек Білім күні: Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың құттықтауы (ВИДЕО)

09:36, 01 қыркүйек 2026

Жаңа оқу жылының басталуына орай ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова еліміздің ұстаздары мен оқушыларын 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

«Ұстаздар, қымбатты оқушылар! Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күні мерекесі және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын.

Биылғы оқу жылы еліміз үшін маңызды тарихи кезеңде басталғалы тұр. Күшіне енген жаңа Конституция адам капиталын, білім, ғылым, мәдениетті дамытуды мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ерекше қолдауымен жүзеге асқан үлкен реформалардың нәтижесі бұл салада шешімін тауып, кешенді нәтижелер еліміздегі адам капиталының дамуына негіз болуда.

Білім саласының алдында тұрған негізгі міндет – отаншыл, білімпаз, еңбекқор, елге жанашыр, заң мен тәртіпке бағынатын ұрпақ тәрбиелеу. Осы тұрғыда жастардың бойында қоғамдық әдепті, жауапкершілік пен өз әрекетіне жауап бере білу мәдениетін сіңірудің орны ерекше».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар