Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

БҚО-да ер адам шынжырлы ара ұстап, жанармай бекетінде жүрген жұртты "турап тастамақ болды"

16:30, 30 мамыр 2025 491

БҚО-да ер адам шынжырлы ара ұстап, жанармай бекетінде жүрген жұртқа тап берді, деп хабарлайды  Alash.KZ порталы Azattyq Rýhy порталына сілтеп.

Оқиға БҚО-ның Бөрілі ауданында болды. Видеода шынжырлы арасын қосып, жанармай бекетінде жүрген адамдарға шабуыл жасамақ болған әрекетін байқауға болады.

Оқыс жағдай 30 мамырға қараған түні сағат 00:30-да болды. Облыстық Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірді.

«2025 жылғы 30 мамырда сағат 00:30-да Бөрлі аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне «Нефтэк» жанар-жағармай құю стансасының аумағында белгісіз ер адамның арамен агрессивті әрекет жасап, көліктер мен адамдарға шабуыл жасау фактісі туралы хабарлама келіп түскен.

Полиция қызметкерлері қабылдаған қауіпсіздік шараларын қолдана отырып, 1989 жылы туған азамат Т-ны ұстады. Ол қазіргі уақытта Орталықтандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар орталығына қамалды, азамат Т. Батыс Қазақстан облысы бойынша Облыстық психикалық денсаулық орталығына орналастыру мәселесі шешіліп жатыр», - делінген ПД хабарламасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар