Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бортта 20 түрік әскери қызметкері болған” - Апатқа ұшыраған Түркияның әскери ұшағы туралы ел естімеген ақпарат шықты (ВИДЕО)

09:28, 12 қараша 2025 268

Әзербайжаннан ұшып шыққан Түркияның C-130 әскери көлік ұшағы Грузия аумағында құлад, деп хабарлайды Alash.kz. 
Грузия Ішкі істер министрлігі ұшақтың апатқа ұшырағанын растады. Әуе апаты Әзербайжан шекарасынан шамамен бес шақырым жерде болған. Министрліктің хабарлауынша, ұшақ радардан жоғалар алдында ешқандай дабыл белгісін бермеген.

Түркияның Қорғаныс министрлігі мәлім еткендей, іздестіру-құтқару жұмыстары Грузия билігімен бірлесе жүргізілуде. Құлаған ұшақта экипаж мүшелерін қосқанда барлығы 20 түрік әскери қызметшісі болған.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған апат туралы хабарды ауыр қабылдағанын айтып, қаза тапқандардың отбасына көңіл білдірді. Ал Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев те Түркия халқына қайғыра көңіл айтты. Оның айтуынша, апатқа ұшыраған ұшақ Гянджа қаласынан ұшып шыққан.

Түркияның Ішкі істер министрі Али Ерликая әлеуметтік желіде апатқа байланысты мәлімдеме жасап, Грузия ІІМ басшысы Гела Геладземен телефон арқылы сөйлескенін және грузиялық тараптың да апат орнына аттанғанын хабарлады.

Lockheed C-130 Hercules — орта және ұзақ қашықтыққа арналған әскери-көлік ұшағы. Ол америкалық Lockheed Martin компаниясында жасалған.

C-130 төрт турбовинтті қозғалтқышпен жабдықталған, әскери жүктер мен жеке құрамды тасымалдауға, сондай-ақ эвакуациялық операцияларға қолданылады. Бұл ұшақ топырақ немесе қысқа ұшу-қону жолақтарында қонуға қабілеттілігімен ерекшеленеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда болған әскери ұшақ апатына байланысты қаза тапқандардың туыстарына қайғыра көңіл білдірді. Президент бұл қайғылы оқиғаның өзіне ауыр тигенін айтып, Түркия лидері Режеп Тайып Ердоған мен барша түрік халқына қолдау білдірді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар