Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Болғанды түзету мүмкін емес". Шатырдан құлап қаза тапқан оқушы қыздың әкесі желіде жазба жариялады

17:37, 18 қыркүйек 2024 543

Шатырдан құлап қаза тапқан оқушының ата-анасы әлеуметтік желілерде хабарлама жариялады. Олардың ел таныған азаматтар екені белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Қаза тапқан жетінші сынып оқушысы Айшаның әкесі Евгений Мұхамеджанов екені анықталды. Ол Қазақстанда танымал эколог маман. Ал анасы белгілі сурет -  Балхия Мұхамеджанова. 

Шатындан құлап қаза тапқан оқушы жайында әкесі жазба жариялады:

Жанды жегідей жеген сұрақ көп. Менің жүрегімннің бір бөлігі  жұлнды. Менен болған оқиғаның егжей-тегжейін сұрамаңыз, тіпті одан сұхбат беруімді сұраудың да қажеті жоқ. Менің балам қаза тапты, жағдайды түзету мүмкін емес. Қолдау сөздері үшін барлығына рақмет, - деп жазды белгілі эколог.

Бибігүл Дәулетбек оқиғаға қатысты жазба арнап, оқушылардың өз-өзіне қол жұмсауы жиілеп кеткеніне қынжылды.

 

Еске сала кетейік, Қайғылы оқиға Алматыда болды. 16 қыркүйекте таңғы сағат 10 шамасында мектептің оқушылары сабақтан шығып, ауладағы тұрғын үйдің төбесіне шыққан. Оқиға қайғылы жағдаймен аяқталды. 

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар