Болат Мажағұловтың туысы, журналист Ұлпан Бегалина әлеуметтік желідегі парақшаларында оның 10 жыл бойы жасырған көңілдесі кім екенін жайып салды, деп хабарлайды Alash.KZ Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін Ұлпан Бегалинаның Мажағұловқа қатысты айтқан мәлімдемелері туралы жазған едік. Онда Бегалина Мажағұлов 10 жыл бойы некесіз балалары мен тоқалы барын жасырып келгенін айтқан болатын.
Ұлпан Бегалина әлеуметтік желідегі парақшасында Мажағұловтың көңілдесінің суреті мен аты-жөнін жариялап жіберген.
- Бірінші суретте Болат Мажағұловтың көңілдесі – Анар Жашубаева, дейді журналист.
Оның сөзінше, Болат Мажағұлов Анар Жашубаеваға Астанада сұлулық салонын ашып берген. Ал танымал қазақстандықтар салонды жиі жарнамалап тұрған.
Бегалинаның сөзінше, Мажағұлов қазіргі таңда әлеуметтік желіде парасатты адамның образын қалыптастырып жүр. Алайда оның жеке өміріне қатысты ел білмеген жайттар белгілі болып шыққан. Желідегі парақшасында Ұлпан Бегалина Мажағұловтың некесіз отбасы барын, оны өзінің заңды отбасынын он жыл жасырып жүргенін, ал көңілдесіне Астанадан сұлулық салонын ашып бергенін жазған.
- Бірақ бір кездері мәдениетті дамытумен айналысып жүрген адамның өзі мәдениетсіз болып шықты, дейді Ұлпан.
Бегалина Мажағұловтың жазбаларының бірінде пікір қалдырып кеткен:
- Өзінше парасатты адамның образын қалыптастырып жүрсің. Саған бәрі нағыз “АЗАМАТ” дейді. Онда, Болат Бауыржанұлы, сенің заңды некедегі қызың енді жүре бастаған кезде, заңсыз некеңнен ұлың туылғанын неге қазақстандықтарға айтпасқа? Шала әділдік деген бола ма? Әділдік орнасын десең, 10 жыл бойы заңды отбасыңнан жасырған көңілдесің туралы айт. Сенен мұндайды күткен жоқпыз. Бәрі сені қолы ашық, жомарт адам дейді. Қолыңның ашықтығы өзіңнің заңды балаларыңа келгенде неге тарылып қалды? – деп жазған Ұлпан Бегалина.
Алайда, оның сөзінше, бұл пікірі Мажағұловтың парақшасынан өшіп кеткен немесе парақша иесі өшіріп тастаған.