Мәдениет саласындағы бұрынғы шенеуніктің адвокаттары елордадағы субұрқақ ісі бойынша тың дерек айтты, деп хабарлайды Alash.KZ.
Бір күн бұрын сотта Мажағұлов ісінде Қытай ізі бары жайлы ақпарат айтылған, ал кеше, яғни 11 желтоқсанда сотталушының адвокаттар процеске қатысқан баспасөзге наразылығын жеткізді.
Отырыс басталар алдында қорғаушылар тыйым салынғанына қарамастан түсіріп алған телеарналардың біріне шағымданды. Кейінірек сот ережелерін бұзбаған басқа БАҚ-қа да шүйлікті.
Адвокат Нұрлан Бейсекеев баспа басылымы қылмыстық іс материалдарына сілтеме жасай отырып, мақала шығарғанына наразы. Ол бұл ақпаратты біреу арнайы таратып отыр деп есептейді. Қорғаушы қандай да бір себептермен осы атышулы іс бойынша барлық құжат сот кабинеті порталында ашық тұрғанына назар аудармады.
– Журналистер мұнымен тоқтамапты, олар сотқа қатыспай-ақ қылмыстық іс материалдарын қалай көріп отырғанын білмеймін, - деп таңғалды адвокат.
– Журналистер сот отырысы залында болмай, іс материалдарына қалай алатыны мені үнемі таң қалдырады. Мұны оларға кім таратады?, - деді Бейсекеев.
Кейін ол Мажағұловқа қарсы "жаппай шабуылға" қатысқан барлық БАҚ-ты жазалауды өтінді.
– Біз қорғауымыздағы адамға тағылған барлық айыптың біржақты екеніне дәлелдер келтіргендіктен осындай жағдай қалыптасты. Журналистер арқылы мұндай жаппай шабуылды біреу ұйымдастырып отыр. Менің қорғауымдағы адамға қарсы жаппай шабуылға қатысқан барлық бұқаралық ақпарат құралдарына тиісті шаралар қабылдағанын қалаймын, - деп талап етті қорғаушы.
Оның әріптесі Балауса Бердімбетова бір күн бұрын өзінің Facebook парақшасында қалалық сот процесті жариялау үшін бірқатар басылымдарды арнайы жіберіп жатқанын жазған. Тіпті оны "сот ісін жүргізуге араласу" деп атаған.
Бүгін Бердімбетова баспасөз Мажағұловтың тыйым салынған мүлкі жайлы және "Күн" фонтаны тиісті құжаттарсыз орнатылғаны жайлы жазғанына наразылығын білдірді. Ол бұл ақпаратты қаржы мониторингі агенттігі екенін ескермеген сияқты.
– Қылмыстық істің мән-жайын білмей, олар өздерінің жарияланымдарында ЖСҚ-сыз субұрқақ салынғанын көрсетті. Сонымен қатар, мүлік туралы да жазды. Мен соттың назарын мүліктің 2007, 2008, 2012 жылдары сатып алынғанына аударғым келеді. 5 жылдан кейін сатып алынған мүлік те болды, – дейді ол.
Астанада Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловқа қатысты сот процесі өтіп жатыр. Болат Мажағұлов пен Қанапиннің үстінен қозғалған іс қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта қаралып жатыр. Оған Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, "сеніп тапсырылған бөтеннің мүлігін иемдену немесе талан-таражға салу" бабы бойынша айып тағылды. Мажағұловтың қорғаушысы бұлтартпау шарасын үйқамаққа алу туралы міндеттемеге ауыстыруды сұраған. Прокурор мен басқа сотталушының адвокаты өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды сұрады, деп жазды ulysmedia.kz.