Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бізге осы аумақ қажет" - Трамп Гренландия мәселесінде табандап тұр

09:55, 22 қаңтар 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп Давос қаласында өткен дүниежүзілік экономикалық форумда сөз сөйлеп, баяндамасының басым бөлігін Гренландия тақырыбына арнады. Ол бұл аумақтың АҚШ құрамына өтуі қажет деген пікірін тағы да қайталады, деп жазады Alash.KZ.

Трамп Гренландия мен Дания халқын құрметтейтінін атап өтті. Алайда оның айтуынша, Копенгаген аралдың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ете алмай отыр. АҚШ президенті бұл стратегиялық маңызды аймақты қорғау мен дамытуға тек Америка Құрама Штаттарының ғана мүмкіндігі бар екенін айтты.

Сонымен қатар, Вашингтоннан өзге НАТО-ға мүше елдердің ешқайсысы Гренландияның қауіпсіздігіне кепіл бола алмайды деген сенім білдірді.

Ақ үй басшысы Гренландия аумағында «Алтын күмбез» деп аталатын зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін орналастыру жоспарын да жария етті.

«Ұлттық және жаһандық қауіпсіздік мақсатында, сондай-ақ белсенді әрі қауіпті ықтимал қарсыластарымызды тежеу үшін бізге осы аумақ қажет. Бұл жерде тарихтағы ең ауқымды “Алтын күмбез” жобасын жүзеге асырамыз», – деді Дональд Трамп.

Сондай-ақ АҚШ президенті Еуропа елдерінің алдына нақты таңдау қойғанын айтты: Гренландияны бақылау құқығын Вашингтонға беру немесе одан бас тарту.

Айта кетейік, өз сөзінде Трамп бірнеше мәрте Гренландияны Исландия деп қате атаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар