Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Біздің құбырды жарып кеттің деп айтамыз ба?". Бапи Украина жарған Каспий құбыры концорциумы туралы (Видео)

09:51, 20 ақпан 2025 1452

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи журналистерге берген сұхбатында Каспий құбыры концорциумының Қазақстан мұнайы өтетін станциясына жасалған Украинаның дрондар шабуылы жөнінде айтты, деп жазады Alash.KZ.

 

Қазақстанның Украинаға бірдеңе деуге қақы жоқ деп ойлаймын. Украина өзінің халқын, елін, мемлекеттігін қорғап отырған ел. Ол агрессорға қарсы соғысып жатқан ел.

Біз оған не деп айтамыз? Біздің құбырды жарып кеттің деп айтамыз ба? Ол құбыр Россияның жерінде тұр. Ол Қазақстанның жерінде тұрса, әрине біз айта аламыз. Ол Ресейдің меншігі. Біз сол Ресейдің құбыры арқылы Батысқа мұнай шығарып жатырымыз.

Айналып келгенде әңгіме бізге де тиеді, “Ресейден басқа сендерге бағыт қалмады ма?” деген тұрғыда сұрақтар туады – дейді Бапи мәжіліс кулуарында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар