Ринат Зайытов Үкімет депутаттарды тыңдамайтынын айтып, шағымданды. Сонымен қатар, үкіметтің айтқанды кері істейтініне ашынды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
«Тыңдайтын үкімет көріп отырған жоқпын. Айтқанын керісінше істейді. Бір жылдан астам бойы «жарайды, жарайды» деп көңілге қарағанымыз дұрыс болмаған шығар, тыңдата алмай отырған айыбымыз бар шығар» - деді мәжіліс депутаты.