Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Біз үшін мәңгі тірісің… Қыздарың сендей әкеміз бар деп мақтанады»: Асқар Забикуллиннің жары әсерлі жазба қалдырды

13:26, 08 мамыр 2026

Елордада өрт кезінде адам өмірін құтқарып, ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасы батырды тағы бір мәрте еске алды, деп жазады Alash.kz. 

Асқардың жары Әнел Забикулина әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазба жариялап, жұбайына деген сағынышын білдірді. 2022 жылғы қарашадағы қайғылы оқиғадан кейін бүкіл елге танылған қаһарманның есімі бүгінде ұмытылмай, халық жадында сақталып келеді.

Асқар Забикулин Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде шыққан тілсіз жаумен күресте өзін құрбан етіп, бірнеше адамды аман алып қалған болатын. Алған ауыр жарақаттарынан кейін бірнеше күн бойы өмір үшін күрескен ол 20 қараша күні көз жұмды. Мемлекет басшысының шешімімен батыр І дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Әнел Забикулина балаларымен бірге жұбайының басына барып, өз сезімін былай деп жеткізді:

«Бүгін қыздарыңмен саған тағы келдік... Қолымызда гүл, жүрегімізде сағыныш. Сен бұл өмірден кетсең де, біз үшін мәңгі тірісің. Өйткені нағыз батырлар өлмейді. Олар халқының жүрегінде, отбасының дұғасында мәңгі қалады. Қыздарың сендей әкеміз бар деп әрқашан мақтанып өседі. Ал мен жүрегімде сені өмір бойы алып өтемін. Мерекеңмен, біздің қаһарманымыз».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар