Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Біз алмасақ, Ресей немесе Қытай иемденуі мүмкін…” - Трамп Гренландия жайлы тың мәлімдеме жасады

14:59, 13 қаңтар 2026

Ақ үй басшысы БАҚ өкілдерімен кездесуінде Гренландия аралына қатысты АҚШ-тың ұстанымын нақтылады, деп хабарлайды Alash.kz. 

Дональд Трамп Американың бұл аумақты өз иелігіне алатынына сенім білдіріп, стратегиялық аймақтың маңыздылығына тоқталды.

Ол бұл қадамның геосаяси қажеттілігін алға тартып, мынадай мәлімдеме жасады:

“Қалай болғанда да, біз Гренландияны аламыз”.

Президенттің пікірінше, егер арал АҚШ-тың бақылауына өтпесе, оны Ресей немесе Қытай сияқты басқа мемлекеттер иемденіп кетуі әбден мүмкін. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар